Жарнама
Жарнама

«Қайрат» аргентиналық жартылай қорғаушымен қоштасты

Редактор
18.07.2026, 11:51

24 жастағы футболшы «Қайрат» сапына биылғы жылдың басында қосылған

Әлеуметтік желі

Алматылық «Қайрат» аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальоспен келісімшарттың екі тараптың өзара келісімі бойынша тоқтатылғанын ресми түрде хабарлады.

24 жастағы футболшы «Қайрат» сапына биылғы жылдың басында қосылған еді. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирде 11 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Қазіргі таңда Қазақстан Премьер-лигасында 18 турдан кейін «Қайрат» 39 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орында келеді.

Реклама
Реклама