Әлем чемпионы атанған Ямаль «Алтын допқа» бір табан жақындады
2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Polymarket платформасы «Алтын доп» жүлдесінің басты үміткерлеріне қатысты болжамын жаңартты.
Платформа мәліметінше, Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль қазір жүлденің негізгі фавориті саналады. Пайдаланушылар оның «Алтын допты» жеңіп алу мүмкіндігін 51 пайыз деп бағалаған.
Тізімде екінші орында Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн тұр. Оның жеңіске жету ықтималдығы 27 пайыз деп көрсетілген.
Ал үздік төрттікті Аргентина капитаны Лионель Месси (8 пайыз) мен Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе (4 пайыз) түйіндеп тұр.
Еске салайық, Испания құрамасы әлем чемпионатының финалында Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионы атанды. Ламин Ямаль турнир барысында сегіз матчтың барлығына қатысып, бір голдың авторы атанды.