Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн көш бастап тұр
2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін букмекерлер «Алтын доп» жүлдесін жеңіп алуы мүмкін басты үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады.
Тізімнің көшін 40 пайыздық ықтималдықпен Германияның «Бавариясы» мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн бастап тұр.
Екінші орынға Испания құрамасымен әлем чемпионы атанған және «Барселона» сапында өнер көрсететін Ламин Ямаль жайғасты. Оның «Алтын допты» иелену мүмкіндігі 33 пайызға бағаланған.
Үздік үштікті Испания құрамасы мен «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Родри түйіндеді. Букмекерлер оның жеңіске жету ықтималдығын 22 пайыз деп есептейді.
2026 жылғы «Алтын доп» сыйлығының басты фавориттері: