Қазіргі таңда Дастан Сәтпаев «Челсимен» бірге Сиднейде оқу-жаттығу жиындарында жүр
«Челси» футбол клубының фанаттары жаңа маусымда команда құрамында ойнайтын ойыншыларға қатысты болжам айтып жатыр. Мәселен, X әлеуметтік желісіндегі Don AVE парақшасында қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевқа қатысты пікір айтылды.
Бұған дейін лондондық клубтың 35 жастағы ағылшын шабуылшысы Дэнни Уэлбекпен келісімшарт жасасатыны айтылған болатын. Фанаттар мұнан кейін құрамдағы жаңа ойыншылар қайда барады деген сауалға жауап берген.
«Дэнни Уэлбектің келуі Эмеги, Делап, Джексон, Гиу және Сәтпаев үшін нені білдіреді? Николас Джексон – кетеді. Марк Гиу – кетеді. Эммануэль Эмега – жарақаты болмаса басқа клубқа жалға беріледі немесе 2027 жылдың жазына дейін қалады. Лиам Делап – ұтымды ұсыныс түссе сатылымға жіберіледі. Дастан Сәтпаев – клуб құрамында қалып, жас ерекшелігіне байланысты дами береді. Ендеше клубтың шабуыл сапында мына үш ойыншы болады:
- Жоао Педро
- Дэнни Уэлбек
- Дастан Сәтпаев.
Барлығы да ойыншылардың жарақатына және трансферлік ұсыныстарға байланысты», - деп жазды аталған аккаунттың авторы.
Еске салайық, Дастан Сәтпаев биыл тамыз айында 18 жасқа толғаннан кейін ғана «Челси» сапына ресми қосыла алады.