Ол алты рет Италия чемпионы атанып, Италия Суперкубогін төрт рет жеңіп алған
«Милан» клубы мен Италия құрамасының аңызына айналған футболшы Франко Барези 66 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
29 маусымда италиялық БАҚ өкілдері Барезидің қайтыс болғаны туралы ақпарат таратқан еді. Десе де, ол кезде «Миланның» баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, экс-футболшының ауыр дертпен күресіп жатқанын айтқан. Ал, бүгін клуб өкілдері оның бақилық болғанын ресми мәлімдеді.
Франко Барези спорттық мансабында тек «Миланда» ғана өнер көрестті (1978-1997). Осы уақыт аралығында ол алты рет Италия чемпионы атанып, Италия Суперкубогін төрт рет жеңіп алған. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасында үш рет жеңімпаз атанса, УЕФА Суперкубогіне бір рет иелік етті.
Ал, Италия құрамасы сапында Барези 81 матч өткізген. 1982 жылы Әлем чемпионы атанса, 1994 жылы – күміс жүлде, 1990 жылы қола жүлде жеңіп алды.