Жарнама
Жарнама

Қазақстанның ең үздік футзалшыларының бірі «Қайраттан» кетіп қалды

Редактор
Бүгін, 02:59

Тұрсағұловтың нақты қай клубқа ауысатыны ресми айтылған жоқ

"Қайрат" футзал клубы

Футзалдан Қазақстан құрамасының ең үздік ойыншыларының бірі Дәурен Тұрсағұлов «Қайраттан» кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлаған.

Тұрсағұлов алматылық клуб сапында соңғы сегіз жыл өнер көрсетті. Бірнеше рет ел чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында «Қайрат»намысын қорғаған.

Ұлттық құрама сапында да ол сәтті өнер көрсетті. Мәселен, 2024 жылы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында Португалия қақпасына жеңіс голын соғып (2:1), Қазақстанды ширек финалға алып шықты.

Тұрсағұловтың нақты қай клубқа ауысатыны ресми айтылған жоқ. Десе де, клубтың Instagram-парақшасына пікір жазған жанкүйерлер оның «Семей» қатарына қосылғанын жазуда.

Айта кету керек, биылғы маусым алдында «Қайрат» сапынан Эдсон, Уго Невеш, Ромуло, Жулио Занотто сынды легионерлер кетіп қалды. Клуб биыл ел чемпионы атанды.

Реклама
Реклама