Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Біржан Оразовпен ресми түрде қоштасты

Редактор
01.08.2026, 19:11

Оразов 8 жыл бойы клуб сапында өнер көрсеткен

ФК “Қайрат”

Алматының «Қайрат» футзал клубы 8 жыл бойы команда намысын қорғаған капитаны, Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Біржан Оразовпен ресми түрде қоштасты.

Клуб футболшыға алғыс білдіріп, оның команда тарихындағы орны ерекше екенін атап өтті.

«Біздің капитанымыз, біздің мақтанышымыз! Біржан, сізбен бірге талай қиындықты еңсеріп, талай жарқын сәтті бастан өткердік. Алаңдағы әрбір әрекетіңіз нағыз капитанның үлгісі болды. Алдағы жолыңыз ашық болсын! Біз сізді әрдайым мақтан тұтамыз. Жеңіс күнінде қайта жүздескенше!», – деп жазды клуб.

Бұған дейін Біржан Оразов маусым аяқталғаннан кейін «Қайраттан» кететінін мәлімдеген еді. Енді алматылық клуб капитанымен ресми түрде қоштасты.

Оразовтың «Қайрат» сапындағы соңғы ойыны Қазақстан чемпионатының 2025/2026 жылғы маусымындағы финалдық серияның бесінші матчына тұспа-тұс келді. «Семейге» қарсы өткен тартысты кездесудің негізгі уақыты тең аяқталғанымен, қосымша уақытта «Қайрат» 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Жеңіс голын дәл Біржан Оразов соғып, командасына Қазақстан чемпионатының тарихындағы 22-чемпиондық атағын сыйлады. Осылайша тәжірибелі футзалшы «Қайраттағы» мансабын чемпиондықпен әрі шешуші голмен аяқтады.

Реклама
Реклама