Жарнама
Жарнама

Андрей Мартин Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер болуы мүмкін

Редактор
02.08.2026, 13:26
ФК "Ордабасы"

«Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне үміткерлердің тізіміне енді. Бұл туралы спорт журналисі Эльдар Аманбаев өзінің Telegram-каналында жазған.

«ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін іздеуді жалғастырып жатыр. Бірақ, шешім қабылдауға уақыт тым аз қалды, қыркүйек айының соңында Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасының аса маңызды матчтары күтіп тұр. Жаңа бапкерді таңдаудағы негізгі талаптардың бірі – табысты жұмыс тәжірибесі мен жеңіп алған жүлделерінің болуы. Федерация басшылығы дәл осындай мамандарға басымдық беруде.

Бұған дейін федерация жылдың соңына дейін уақытша бас бапкер тағайындау мүмкіндігін де қарастырып отырғанын жазған едім. Мұндай сценарий шетелдік мамандармен келіссөздердің күрделілігіне байланысты талқылануда. Олардың көпшілігі әртүрлі себептермен қазіргі кезеңде Қазақстанда жұмыс істеу туралы ұсынысты қабылдауға дайын емес», — деп жазды Аманбаев.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық маман Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен өз еркімен кеткен болатын. Оның қызметінен кеткені 22 маусымда жарияланды.

Реклама
Реклама