Жарнама
Жарнама

«Қайрат» ресейлік шабуылшыны қатарына қосты

Редактор
Бүгін, 13:18

Бұған дейін форвард «Семей» клубында өнер көрсеткен

instagram.com/afckairat

Алматылық «Қайрат» футзал клубы ресейлік шабуылшы Камиль Герейхановпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады.

Бұған дейін форвард «Семей» клубында өнер көрсеткен. Қазақстандағы мансабында ол 110 матчқа қатысып, 94 гол соғып, 38 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ Герейханов Қазақстан кубогын екі рет жеңіп алған.

Камиль Герейханов бұған дейін Ресейдің «Тюмень» клубы мен Ресей құрамасында да ойнаған. Ол «Семейге» 2024 жылы ауысқан. Өткен маусымда «Семей» Қазақстан чемпионатының финалына дейін жетіп, шешуші кездесуде дәл осы «Қайратқа» есе жіберген.

Реклама
Реклама