Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтбаевтың әрекеті Гонконгтағы жанкүйерлерді тәнті етті

Редактор
03.08.2026, 22:06

Жанкүйерлер Сәтбаевтың қарапайымдылығы мен кішіпейілдігін жоғары бағалады

ФК “Челси”

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев «Челсидің» Гонконгтағы маусымалды турнесі кезінде жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

Қонақүйге кіріп бара жатқан сәтте жанкүйерлердің бірі 17 жастағы қазақстандық футболшыдан қолтаңба сұрады. Сәтбаев өтінішті елеусіз қалдырмай, жанкүйердің көпшіліктің арасынан жетіп келгенін күтіп, қолтаңбасын берді. Кейін оған басқа да жанкүйерлер келіп, қолтаңба алып, бірге суретке түсті.

Бұл сәт әлеуметтік желіде кең тарап, жанкүйерлер Сәтбаевтың қарапайымдылығы мен кішіпейілдігін жоғары бағалады.

«Дастан Сәтбаевтың жанкүйерлерге уақыт бөліп, қолтаңба таратқанына үлкен құрмет. Қазақстандық жігіттің қарапайымдылығы тәнті етті!» – деп жазды жанкүйерлердің бірі.

Еске салайық, Дастан Сәтбаев қазір «Челсидің» маусымалды оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Бұған дейін ол «Уестерн Сидней Уондерерске» қарсы жолдастық кездесуде гол соғып, кейін «Тоттенхэмге» қарсы матчта алаңға қосалқы құрамнан шығып, ойын өрнегін көрсетті.

Реклама
Реклама

Материалда: