Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаевтың «Ювентусқа» қарсы ойынына жоғары баға берілді

Редактор
Бүгін, 18:59

Сәтпаев «Ювентусқа» қарсы бір соққымен көзге түсті

ФК “Челси”

Лондонның «Челси» клубында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың «Ювентусқа» қарсы жолдастық кездесудегі статистикасы жарияланды.

Flashscore порталының мәліметінше, 17 жастағы футболшы алаңға 65-минутта Джейми Гиттенстің орнына шығып, матчтың соңғы 25 минутында өнер көрсетті. Оның ойыны 6,5 ұпайға бағаланды.

Осы уақыт ішінде Сәтпаев қақпаға бір соққы бағыттап, оны дәл орындады. Оның күтілетін гол көрсеткіші (xG) – 0,04, ал қақпаға дәл бағытталған соққының күтілетін гол көрсеткіші (xGOT) – 0,09 болды.

Қазақстандық шабуылшы жеті пастың алтауын дәл орындап, 86 пайыздық дәлдік көрсетті. Сондай-ақ соңғы үштен бір аймаққа жасаған үш пастың екеуі сәтті шықса, айып алаңына берген жалғыз пасын да дәл жеткізді. Бұдан бөлек, бір рет әуедегі допты серіктесіне сәтті бағыттап, өзіне қарсы бір мәрте ереже бұзылды.

Қорғаныста да белсенді қимылдаған Сәтпаев үш жекпе-жектің екеуінде жеңіске жетіп, бір рет допты сәтті тартып алды. Жалпы есепте ол 13 рет допқа иелік етті.

Айта кетейік, «Ювентусқа» қарсы кездесу Дастан Сәтпаев үшін «Челси» сапындағы маусым алдындағы дайындықтағы үшінші матч болды. Кездесудегі жалғыз голды «Ювентус» ойыншысы Эдон Жегрова соқты.

Реклама
Реклама