Жарнама
Жарнама

«Жеңіс» футбол клубына 43 жастағы босниялық маман бапкер болды

Редактор
Бүгін, 17:01

«Жеңіс» жаңа бас бапкерін таныстырды

ФК “Жеңіс”

Астаналық «Жеңіс» футбол клубы босниялық маман Владимир Слишковичтің команданың жаңа бас бапкері болып тағайындалғанын ресми түрде жариялады.

43 жастағы Слишкович қазақстандық жанкүйерлерге Ресейдің «Спартак» және «Оренбург» клубтарындағы жұмысымен жақсы таныс. Мәскеулік «Спартакты» басқарған кезеңінде маман Ресей Премьер-лигасында бірде-бір рет жеңіліс таппай, айдың үздік бапкері атанған.

Босниялық маман бапкерлік мансабын өз елінің «Зриньски» клубында бастаған. Кейін Қытай мен Сауд Арабиясының клубтарында, сондай-ақ Босния және Герцеговинаның жасөспірімдер құрамасында еңбек етті.

Енді Владимир Слишкович «Жеңіс» клубының тізгінін ұстап, команданың нәтижесін жақсартуға күш салады.

Реклама
Реклама

Материалда: