Жарнама
Жарнама

Месси әкесімен қоштасу үшін Росариоға келді

Редактор
Бүгін, 11:22

Ол өзімен бірге әйелін және балаларын ертіп алған

Getty Images

Аргентиналық даңқты футболшы Лионель Месси әкесінің қайтыс болуына байланысты Росарио қаласына келді. Бұл туралы журналист Марио Науфаль X әлеуметтік желісінде жазды.

Оның айтуынша, Месси ұшақтан түскен бойда әкесімен қоштасу рәсіміне барған. Хорхе Месси осыдан бір тәулік бұрын ауруханада ауыр дерттен көз жұмған болатын.

Марқұммен қоштасу рәсімі жабық форматта El Prado зиратында өтеді. Оны ақтық сапарға шығарып салуға тек ең жақын туыстары ғана қатысады деп хабарланған.

68 жастағы Хорхе Месси Росарио қаласындағы клиникада ұзақ уақыт емделіп, кеше қайтыс болды. Бұған дейін оның ауыр дертке шалдыққаны айтылғанымен, нақты қандай аурумен ауырғаны жасырын қалған еді.

Реклама
Реклама