Жарнама
Жарнама

Жүлделі үштік үшін тартыс және «Ертіс бойы дербиі»

Редактор
Бүгін, 14:23

Olimpbet-тің Қазақстан Премьер-лигасының «Астана» – «Оқжетпес» және «Елімай» – «Ертіс» матчтарына жасаған сараптамасы

Olimpbet

Қазақстан футболының жоғары дивизионындағы чемпионаттың 21-турының басты оқиғаларының бірі «Астана» мен «Оқжетпес» арасындағы матч болмақ.

«Астана» (Астана) – «Оқжетпес» (Көкшетау). 9 тамыз, 18:00 (Астана уақытымен)

Olimpbet сарапшылары алдағы кездесудің алаң иелерін айқын фаворит санайды. Олардың пікірінше, елордалық команданың жеңіске жету мүмкіндігі «көкшетаулықтардан» үш есеге жуық жоғары.

Турнирлік жағдай

Екі команда да турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде орналасып, қола жүлдеге таласып жатыр. Ал чемпиондық алтын мен күміске «Ордабасы» мен «Қайрат» командаларынан өзге клубтардың жақындауы әзірге қиын.

«Астана» үшін жүлдеге таласу үйреншікті жағдай болғанымен, «Оқжетпес» тарихында әлі ешқашан чемпионаттың жүлдегерлер қатарынан көрінген емес. Көкшетау командасының ең үздік нәтижесі – 2016 жылы алған бесінші орын.

Ұзақ уақыт бойы «Оқжетпес» ҚПЛ-2026 турнирлік кестесінде үшінші орында келе жатқан. Алайда бес турдағы төрт жеңіліс Ринат Әлеуетов шәкірттерінің жағдайын біршама қиындатып, қарқынын күшейткен «Астана» олардан озып кетті. Дегенмен, «Оқжетпес» сырт алаңда жеңіске жетсе, қайтадан астаналықтарды басып оза алады.

Статистика

Елордалық клуб көкшетаулықтардан көбірек гол соққан – 31 және 29. Сонымен қатар «Астана» өз қақпасына да аз гол жіберген – 20 және 27. Тиісінше, «Астананың» доп айырмасы да айтарлықтай жақсы: +11 және +4.

Бұл ретте Григорий Бабаян шәкірттерінің бір матчты кем өткізгенін де ескеру қажет.

Өзара кездесулер тарихы

Бұл көрсеткіш бойынша «Астананың» басымдығы айқын. Елордалық команда 19 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген және төрт матч тең аяқталған.

Әсіресе «Оқжетпеске» Астанада ойнау қиын. Бұған дейін елордалық клубтың алаңында өткен екі кездесуде де көкшетаулықтар 2:5 есебімен жеңілген. Алайда, биылғы чемпионаттың 10-туры аясында 16 мамырда өткен соңғы өзара кездесуде «Оқжетпес» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары «Астананың» гол соғатынына іс жүзінде күмән келтірмейді. Сонымен қатар мамандар елордалық клуб кемінде екі гол соғады деп есептейді. Сондай-ақ алаң иелері есепті бірінші таймда-ақ ашуы мүмкін.

«Елімай» (Семей) – «Ертіс» (Павлодар). 9 тамыз, 19:00

Жексенбі күні кешке Семейде аса тартысты кездесу өтеді. Жергілікті «Елімай» Павлодардың «Ертісін» қабылдайды.

Olimpbet сарапшылары бұл матчта алаң иелеріне айтарлықтай басымдық беріп отыр. Олардың пікірінше, семейлік клуб қарсыласының қақпасына кемінде екі гол соға алады.

Турнирлік жағдай

Андрей Карпович жаттықтыратын команда турнир кестесінде Марат Еслямов басқаратын ұжымнан айтарлықтай жоғары орналасқан. «Елімайдың» еншісінде «Ертістен» 11 ұпай артық.

Алайда соңғы турларда «Ертіс» «Елімайға» қарағанда жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Павлодарлықтар қатарынан екі жеңіске жетіп, соның арқасында турнир кестесіндегі соңғы орыннан көтерілді.

Ал семейліктер соңғы үш матчта небәрі екі ұпай жинап, көшбасшылардан едәуір алыстап қалды.

Статистика

«Елімайдың» шабуылы «Ертіске» қарағанда нәтижелі – семейлік клуб 26 гол соқса, павлодарлықтар еншісінде 19 гол бар.

Қорғаныста да «Елімай» сенімдірек: команда 23 гол жіберіп алса, «Ертіс» қақпасына 25 доп кірген. Сәйкесінше, Абай облысының клубында доп айырмасы да жақсырақ: +3 қарсы –6.

Өзара кездесулер тарихы

Бұл командалар жаңа тарихта әзірге бір-ақ рет кездескен. Матч ҚПЛ-2026 чемпионатының 10-туры аясында «Астана Аренада» өтіп, сол кезде «Ертіс» қарсыласын қабылдаған болатын. Кездесу 2:2 есебімен нәтижелі тең аяқталды.

Алайда өткен ғасырдың соңында Семей мен Павлодар клубтарының арасындағы бәсекелестік Қазақстан футболындағы ең басты текетірестердің бірі болған. Бұл қарсыластық «Ертіс бойы дербиі» деп аталды.

1993-1999 жылдар аралығында екі команда бірігіп алты чемпиондық титулды жеңіп алды – әр клубтың еншісінде үш чемпиондық атақтан болды. Енді биыл бұл принципті бәсекелестіктің тарихында жаңа тарау ашылмақ.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары Семейдегі матчта жоғары нәтижелілік болады деп аса сенбейді. Мамандар «Спартак» стадионындағы кездесуде гол саны аз болады деп болжап отыр.

Сонымен қатар сарапшылар «Елімайдың» үзіліске дейін гол соғатынына іс жүзінде күмән келтірмейді.

Реклама
Реклама