Жарнама
Жарнама

Астанада 9 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлады

Редактор
Бүгін, 14:58

Футбол алаңын Қазақстан футбол федерациясы жаттығу өткізу үшін жекеменшік футбол мектебіне жалға берген

pixabay.com

Астанада футбол жаттығуы кезінде 9 жастағы баланың үстіне қақпа құлап кетті.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, оқиға 10 тамыз күні сағат 19:30 шамасында болған. 2017 жылы туған бала жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға болған футбол алаңын Қазақстан футбол федерациясы жаттығу өткізу үшін жекеменшік футбол мектебіне жалға берген. Қазақстан футбол федерациясы болған жағдайға алаңдаушылық білдіріп, зардап шеккен бала мен оның отбасына қолдау білдірді.

“Алдын ала мәлімет бойынша, жаттығу кезінде футбол қақпасы баланың үстіне құлаған. Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.  ҚФФ балаға және оның отбасына қолдау білдіреді. Оқиға болған футбол алаңын Қазақстан футбол федерациясы жеке футбол мектебіне жаттығу жиындарын өткізу үшін жалға берген. Қазіргі уақытта ҚФФ оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, нысан мен құрал-жабдықтардың техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Федерация құзырлы органдарға оқиға себептерін анықтау үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынуға және жан-жақты көмек көрсетуге дайын”, – делінген ҚФФ мәлімдемесінде.

Реклама
Реклама

Материалда: