Жарнама
Жарнама

Колумбия футболдан ел чемпионатын жер сілкінісіне байланысты тоқтатты

Редактор
Бүгін, 12:01

Лига құрамындағы 36 клуб зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетеді

Getty Images

Колумбияда футболдан ел чемпионаты елдің батысында болған жойқын жер сілкінісінен кейін уақытша тоқтатылды.

Жаңа маусым басталғанына көп болмаған. Командалар әзірге төрт тур ғана өткізіп үлгерген. Алайда табиғи апатқа байланысты чемпионат ойындарын осы аптада өткізбеу туралы шешім қабылданды.

Колумбияның Кәсіби футбол лигасы бұл шешімнің басты себебі елдегі қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету екенін мәлімдеді. Лига құрамындағы 36 клуб зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету және қалпына келтіру жұмыстарына атсалыспақ.

«Бүгін футбол күте алады, ал Колумбия бізге мұқтаж», – делінген лиганың мәлімдемесінде.

Жер сілкінісі Колумбияның Чоко департаментіндегі Сан-Хосе-дель-Пальмар қаласына жақын жерде болған. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 7,4 балға жеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи апаттан 111 адам қаза тапқан. Ең көп зардап шеккен қалалардың қатарында Перейра мен Манисалес бар.

Реклама
Реклама

Материалда: