Жарнама
Жарнама

«Қазақстаннан ұсыныс түсті»: Магомед Әдиев мансабына қатысты мәлімдеме жасады

Редактор
Бүгін, 13:42

49 жастағы маман қазір футболдан уақытша үзіліс алуды жоспарлап отыр

ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Әдиев елімізден жұмыс істеуге ұсыныс алғанын, алайда әзірге бапкерлік қызметке қайта оралмауды жөн көргенін айтты.

49 жастағы маман қазір футболдан уақытша үзіліс алуды жоспарлап отыр. Оның сөзінше, бұл үзіліс жыл соңына дейін жалғасуы мүмкін.

«Өзім үшін үзіліс алуды шештім. Ол шамамен жыл соңына дейін созылады. Маған қайта күш жинап, кейбір ойын сәттерін қайта ой елегінен өткізу қажет. Келесі жобаға жаңа эмоциямен және тың көзқараспен кірісуді қалаймын. Ұсыныстар болды, оның ішінде Қазақстаннан да түсті. Бірақ әзірге біраз демалып алуды шештім», – деді Әдиев.

Бапкер соңғы уақытта Ресей клубтарынан нақты ұсыныс болмағанын да атап өтті.

Әдиевтің соңғы жұмыс орны Беларусьтің «МЛ Витебск» клубы болды. Ол команданы биыл сәуір айынан маусымға дейін басқарды.

Магомед Әдиев қазақстандық жанкүйерлерге ұлттық құрамамен және Қарағандының «Шахтер» клубындағы жұмысымен жақсы таныс. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңінде тарихи нәтижеге жақындап, соңғы турға дейін турнирдің финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Реклама
Реклама

Материалда: