Жарнама
Жарнама

Смақов «Бешикташ» сапындағы алғашқы ойынында гол соқты

Редактор
Бүгін, 19:18

Аламгир Смақов  – «Қайрат» академиясының түлегі

instagram.com/bjkakademi

Қазақстанның жастар құрамасының 18 жастағы футболшысы Аламгир Смақов «Бешикташ» сапындағы дебюттік ресми матчында гол соқты.

«Бешикташтың» жастар командасы Түркия чемпионатының алғашқы турында «Эюпспормен» кездесіп, қазақстандық жартылай қорғаушы өз командасының сапында алаңға шықты.

Аламгир Смақов  – «Қайрат» академиясының түлегі. 2008 жылы туған футболшы кезінде Дастан Сәтбаевпен бірге жаттығып, академияда ойнаған. Смақов биыл «Қайрат-Жастар» сапында Бірінші лигада 7 матч өткізіп, 4 гол соққан. Ал өткен маусымда Freedom QJ League додасында 20 кездесуде 9 гол және 7 нәтижелі пас тіркеп, «Қайрат» U-18 командасының чемпион атануына үлес қосты.

Аламгир Қазақстанның U-19 құрамасында да өнер көрсетіп жүр. Маусым айында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Сербияға қарсы кездесуде жеңіске жетіп, Португалиямен тең ойнаған және Грекиядан жеңілген матчтарға қатысты.

Реклама
Реклама