Жарнама
Жарнама

Көзі көгерген «Реалдың» бас бапкері не жағдай болғанын түсіндірді

Редактор
Бүгін, 15:07

Жозе Моуринью жолдастық кездесуге көзі көгеріп шыққан

Real Madrid TV

«Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью «Шальке-04»-ке қарсы жолдастық кездесуге көзі көгеріп шыққан. Португалиялық маманның бұл күйі жанкүйерлер мен журналистердің назарын бірден аударды.

Кейін Моуринью жарақатының себебін өзі түсіндірді. Оның айтуынша, жаттығу кезінде доп бетіне тиіп кеткен.

«Жаттығу кезінде доп бетіме тиіп кетті. Егер көзілдірігім болмағанда, бәлкім, ештеңе болмас еді. Бұдан да жаман болуы мүмкін еді», – деді Моуринью.

Көзі көгергеніне қарамастан, маман «Шальке-04»-ке қарсы кездесуде командасын алаң жиегінен басқарды.

Ал «Реал» маусым алдындағы соңғы ойынында неміс клубын 3:0 есебімен жеңді. Мадридтік команда сапынан Килиан Мбаппе, Карлос Эспи және Дин Хёйсен гол соқты.

Осылайша, «Реал» маусым алдындағы дайындығын жеңіспен аяқтады. Команда жаңа маусымдағы алғашқы ресми кездесуін 22 тамызда «Эспаньолға» қарсы өткізеді.

Реклама
Реклама