Жарнама
Жарнама

«Алаңға шықпай тұрып сынақ басталды»: «Андерлехт» Алматыға келді

Редактор
Бүгін, 12:44

«Андерлехт» үшін Алматыға сапар еурокубок тарихындағы ең ұзақ жол болмақ

ФК «Андерлехт»

Бельгияның «Андерлехт» клубы «Қайратқа» қарсы еурокубок матчы үшін Алматыға келді. Бельгиялық БАҚ бұл сапарды клубтың еурокубоктар тарихындағы ең алыс сапары деп бағалап отыр.

VoetbalPrimeur мәліметінше, Брюссельден Алматыға дейінгі ұшу тоғыз сағаттан асады. Басылым ұзақ жол мен уақыт айырмашылығының өзі футболшылар үшін қосымша қиындық туғызатынын атап өтті.

«Команда үшін бұл алаңға шықпай тұрып басталған жеке сынақ. Алматы Брюссельден соншалықты алыс орналасқандықтан, жолдың өзі қарсыластықтың бір бөлігіне айналады», – деп жазады басылым.

Журналистер «Андерлехт» ойыншыларына ұзақ сапардан кейін жаңа уақыт белдеуіне бейімделіп, бірден маусымдағы маңызды матчтардың біріне дайындалуға тура келетінін алға тартады. Алматыға сапарды олар «Еуропа мен Азияның шетіне жасалған нағыз еурокубоктық саяхат» деп сипаттаған.

Бұл кездесудің турнирлік маңызы да жоғары. «Қайратпен» текетірестің қорытындысы «Андерлехттің» Еуропа лигасындағы тағдырын шешеді. Сәтсіздікке ұшыраған жағдайда бельгиялық клуб Конференциялар лигасына түседі.

«Андерлехт» футболшылары Қазақстанға жетіп, әлеуметтік желіде ұзақ сапар мен Алматыға келген сәттерінен фотолар жариялады.

Реклама
Реклама