Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаев «Бернли» сапындағы алғашқы матчын өткізді

Редактор
Бүгін, 18:20

Сәтпаев «Бернли» сапында 12-нөмірмен өнер көрсетеді

Әлеуметтік желі

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англияның «Бернли» клубындағы дебютін жасады. 18 жастағы қазақстандық футболшы Чемпионшиптің екінші турында «Вест Бромвичке» қарсы кездесуде алаңға шықты.

Сәтпаев бұл матчта алғаш рет жаңа командасының өтініміне еніп, ойынды қосалқы құрамда бастады. Екінші таймда, 57-минутта ол Джош Лоренттің орнына ойынға қосылды.

Қазақстандық шабуылшы алаңға шыққан сәтте «Бернли» 1:2 есебімен жеңіліп жатқан еді. Көп ұзамай «Вест Бромвич» пенальтиден тағы бір гол соғып, басымдығын арттырды.

Сәтпаев «Бернли» сапында 12-нөмірмен өнер көрсетеді. Ол ағылшын клубына Лондонның «Челсиінен» жалға берілген.

Осылайша, қазақстандық футболшы Англиядағы жаңа кезеңін ресми түрде бастап, Чемпионшиптегі алғашқы минуттарын өткізді.

Реклама
Реклама