Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Скотт Манн мырзамен эксклюзивті сұхбат
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Скотт Манн «Бірінші бол» студиясында қонақта болып, қазақ футболындағы басты проблемаларды және оларды шешу жолдарын атады.
Аустралия тумасы ұзақ жылдар бойы осы елдің футболын дамытуға күш салған. Беріректе Еуропаға қоныс аударып, Ағылшын Премьер лигасында, Италияның «А» сериясында нәтижелі еңбек етті. Қазір ол Қазақстан футболын өрге сүйреймін деп жұмыс істеп жүр.
Бүгінгі эксклюзивті сұхбат барысында ҚПЛ трансляциясының сапасы, матчтардың көрермен үшін ыңғайсыз кестесі, Ұлттық құрамаға бас бапкерді таңдаң критерилері, жас футболшыларға мүмкіндік беру, әйелдер футболын дамыту секілді тақырыптарды көтердік.
Сонымен қатар, қазақстандық клубтарға инвестор тарту, трансляцияны сату, Ұлттар лигасына дайындық секілді мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.