Жарнама
Жарнама

Қазақстандық қақпашы «Барселона» мен «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойнайды

Редактор
27.08.2026, 22:43

Әзербайжандық «Сабахтың» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңдегі қарсыластары анықталды

ФК “Сабах”

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсететін әзербайжандық «Сабахтың» Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы жалпы кезеңдегі қарсыластары анықталды.

Монакода өткен жеребе қорытындысы бойынша Баку клубын өте күрделі сын күтіп тұр. «Сабах» жалпы кезеңде «Барселона», «Арсенал», дортмундтық «Боруссия», «Манчестер Юнайтед» және «Наполи» секілді Еуропаның атақты командаларымен кездеседі.

Сонымен қатар әзербайжандық клуб «Вильярреал», Праганың «Славиясы» және Норвегияның «Викинг» командасымен күш сынасады.

Осылайша, «Сабах» жалпы кезеңде сегіз матч өткізеді. Жаңа форматқа сәйкес, әр команда төрт кездесуді өз алаңында, тағы төрт ойынды сырт алаңда өткізеді.

Бұл маусым «Сабах» тарихындағы ерекше кезең болмақ. Әзербайжандық клуб бұған дейін ешқашан Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне дейін жетпеген.

«Сабах» негізгі кезеңге іріктеудің плей-офф сатысы арқылы жолдама алды. Команда Израильдің «Хапоэль» Беэр-Шева клубын екі матчтың қорытындысы бойынша жарыстан шығарды.

Реклама
Реклама