Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» Конференциялар лигасындағы барлық қарсыласы анықталды

Редактор
Бүгін, 18:02

Матчтардың нақты күні мен басталу уақытын УЕФА 30 тамыздан кешіктірмей жариялауы тиіс

ФК "Қайрат"

Бүгін УЕФА Конференциялар лигасының 2026/27 жылғы маусымының жалпы кезеңіне жеребе тартылып, алматылық «Қайраттың» алты қарсыласы белгілі болды.

Биыл Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде 36 команда өнер көрсетеді. Іріктеу қорытындысы бойынша 24 клуб плей-офф кезеңінен өтсе, тағы 12 команда Еуропа лигасынан түсті.

Жеребе алдында «Қайрат» төртінші себетке орналасты. Алматылықтармен бірге бұл себетке «Линкольн», «Бранн», «Хартс», «Трабзонспор» және «Университатя Крайова» енді.

Жеребе қорытындысы бойынша «Қайрат» өз алаңында грекиялық «Панатинаикос», румыниялық «Университатя Крайова» және швециялық «Мьельбюмен» кездеседі. Ал сырт алаңда италиялық «Аталанта», нидерландтық «Твенте» және латвиялық «Ригаға» қарсы ойнайды.

Осылайша, «Қайраттың» қарсыластары:

  • «Панатинаикос» (Грекия) — өз алаңында;
  • «Аталанта» (Италия) — сырт алаңда;
  • «Университатя Крайова» (Румыния) — өз алаңында;
  • «Твенте» (Нидерланды) — сырт алаңда;
  • «Мьельбю» (Швеция) — өз алаңында;
  • «Рига» (Латвия) — сырт алаңда.

Матчтардың нақты күні мен басталу уақытын УЕФА 30 тамыздан кешіктірмей жариялауы тиіс.

Реклама
Реклама