Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» ірі есеппен жеңіске жетіп, чемпиондыққа жақындай түсті

Редактор
29.08.2026, 23:33

Шымкенттіктердің басты қарсыласы – «Қайрат» 7 ұпайға қалып келеді

ФК "Ордабасы"

Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында «Қызылжарды» қабылдап, 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Алаң иелері есепті небәрі 9-минутта ашты. Жартылай қорғаушы Леонардо Натель Виера қапталдан көтерілген допқа бірінші жетіп, баспен қақпаға дәл бағыттады.

Ал, 64-минутта Давид Абагна есепті 2:0-ге жеткізсе, 76-минутта Эвертон Маседо таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді. 

Осылайша 55 ұпай жинаған «Ордабасы» турнирлік кестеде жеке-дара көш бастады. Шымкенттіктердің басты қарсыласы – «Қайрат» 7 ұпайға қалып келеді. Десе де, алматылықтардың екі ойыны кем. Ал, «Қызылжар» болса 23 ұпаймен 11-сатыға жайғасқан.

Реклама
Реклама