«Қайраттың» Конференциялар лигасындағы барлық матчының кестесі жарияланды
УЕФА алматылық «Қайраттың» 2026/27 жылғы Конференциялар лигасының негізгі кезеңіндегі матчтарының толық кестесін ресми түрде жариялады.
Қазақстан чемпионы жалпы кезеңде алты қарсыласпен кездеседі. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері еурокубоктағы күзгі жорығын 15 қазанда Латвияда бастайды, ал негізгі кезеңдегі соңғы ойынын 17 желтоқсанда Нидерландыда өткізеді.
«Қайраттың» матч кестесі:
Осылайша, алматылық клуб үш ойынды өз алаңында, тағы үш кездесуді сырт алаңда өткізеді. Алматыға грекиялық «Панатинаикос», швециялық «Мьельбю» және румыниялық «Университатя» Крайова келеді.
Ал сырт алаңда «Қайрат» Латвияның «Ригасымен», Италияның «Аталантасымен» және Нидерландының «Твентесімен» кездеседі.
Айта кетейік, «Қайрат» биылғы еурокубок маусымын Чемпиондар лигасының іріктеуінен бастаған. Кейін Еуропа лигасының плей-офф кезеңінен өте алмай, Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.