Жарнама
Жарнама

«Оқжетпестен» жеңілген «Қайсардың» бас бапкері қызметінен кетті

Редактор
31.08.2026, 16:08

«Қайсар» Қазақстан кубогының финалына шыққан еді

instagram.com/fckaysar_official

Қызылордалық «Қайсар» Андрей Ферапонтовтың команданың бас бапкері қызметінен кеткенін ресми хабарлады.

Клубтың мәліметінше, маман қызметінен өз еркімен кету туралы шешім қабылдаған. Бұған дейін оның ҚПЛ аясында «Оқжетпестен» өз алаңында 2:3 есебімен жеңілгеннен кейін отставкаға өтініш бергені айтылған.

Андрей Ферапонтов «Қайсарды» 2025 жылдың қарашасында қабылдады. Ол клуб жекеменшікке өткеннен кейін команданы жаттықтырған алғашқы маман атанды.

Қызылордалық ұжым ҚПЛ-2026 маусымындағы 23 кездесуде 20 ұпай жинап, турнир кестесінде 14-орында тұр. Соған қарамастан, Ферапонтовтың жетекшілігімен «Қайсар» Қазақстан кубогының финалына шықты. Шешуші матчта команда шымкенттік «Ордабасымен» кездеседі.

Реклама
Реклама