Жарнама
Жарнама

Түркияда көшеге Мохамед Салахтың есімі беріледі

Редактор
01.09.2026, 18:20

Селви көшесінің атауы «Мохамед Салах көшесі» болып өзгертілмек

Getty Images

Түркияның Трабзон провинциясындағы Йомра муниципалитеті көшелердің бірін «Трабзонспор» шабуылшысы Мохамед Салахтың атымен атауды жоспарлап отыр.

Бастама бойынша Кашюстю ауданындағы Селви көшесінің атауы «Мохамед Салах көшесі» болып өзгертілмек. Мысырлық футболшыдың Трабзонда тұратын үйі де осы көшеде орналасқан. Тиісті ұсыныс жақын күндері муниципалдық кеңестің қарауына шығарылады.

Йомра мэрі Мұстафа Быйык Салахтың ауданға қоныстануы оның танымалдығы мен имиджіне оң әсер ететінін айтты.

«Мохамед Салахтың біздің ауданда тұратынын мақтан тұтамыз. Ол – “Трабзонспор” ғана емес, Түркия футболы тарихындағы ең ірі трансферлердің бірі. Оның есімін өзі тұратын көшеге беру арқылы бұл кезеңді Йомра тарихында қалдырғымыз келеді», – деді әкім.

Көше атауын өзгерту туралы шешім муниципалдық кеңес мақұлдағаннан кейін ғана күшіне енеді. 

34 жастағы Мохамед Салах «Ливерпульмен» келісімшарты аяқталғаннан кейін «Трабзонспорға» еркін агент ретінде ауысты. Ол түркиялық клубпен екі жылдық келісімшарт жасасты.

Реклама
Реклама

Материалда: