Жарнама
Жарнама

«Алтын допқа» үміткер 30 футболшының есімі белгілі болды

Редактор
08.09.2026, 22:47

Тізімге сегіз дүркін жүлде иегері Лионель Месси де енді

AP 2024

France Football басылымы 2026 жылғы «Алтын допқа» үміткер 30 футболшының есімін жариялады. Тізімге сегіз дүркін жүлде иегері Лионель Месси де енді.

Аргентиналық шабуылшы бұл марапатқа екі жылдық үзілістен кейін қайта ұсынылып отыр. Месси өткен маусымда «Интер Майами» мен Аргентина құрамасы сапында 49 матч өткізіп, 75 голдық нәтижеге үлес қосты. Ол ұлттық құрамасымен 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына дейін жетті.

Басты үміткерлер қатарында қазіргі жүлде иегері Усман Дембеле, Килиан Мбаппе, Харри Кейн, Эрлинг Холанд, Ламин Ямаль және Родри бар.

2026 жылғы «Алтын допқа» ұсынылған футболшылардың толық тізімі:

  • Усман Дембеле;
  • Джуд Беллингем;
  • Пау Кубарси;
  • Марк Кукурелья;
  • Луис Диас;
  • Бруну Фернандеш;
  • Эрлинг Холанд;
  • Габриэл Магальяйнс;
  • Харри Кейн;
  • Ашраф Хакими;
  • Хвича Кварацхелия;
  • Ламин Ямаль;
  • Маркиньос;
  • Садио Мане;
  • Килиан Мбаппе;
  • Лаутаро Мартинес;
  • Лионель Месси;
  • Нуну Мендеш;
  • Жоау Невеш;
  • Майкл Олисе;
  • Виллиан Пачо;
  • Хулиан Киньонес;
  • Деклан Райс;
  • Родри;
  • Ферран Торрес;
  • Дайо Упамекано;
  • Винисиус Жуниор;
  • Витинья;
  • Фабиан Руис;
  • Вильям Салиба.

Ал бес дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду үміткерлер қатарына енген жоқ. Португалиялық футболшы бұл марапатқа 2022 жылдан бері ұсынылмай келеді.

«Алтын допты» табыстау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Салтанатты кеш жүлденің алғашқы иегері Стэнли Мэтьюздің құрметіне алғаш рет Ұлыбритания астанасында ұйымдастырылады.

Реклама
Реклама