Қазақтар арасында Қазақстан құрамасының жеңілісін тілейтіндер бар

Редактор
02.03.2024, 18:59

Биыл Қазақстан премьер-лигасында біраз өзгеріс бар. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының атауы (ҚКФЛ) Qazaqstan Football League (QFL) болып өзгерді.

1bol.kz

Кей клубтардың қаржылық қиындығына байланысты осы маусымда чемпионатқа 14 емес, 13 команда қатысады.

Клубтағы легионерлер санына қатысты шектеу жеңілдетілді. Биыл ҚПЛ матчтары "QazSport", "Q Arena" және "Q Football" арналарынан көрсетіледі.

Қазақ футболындағы осы және басқа да өзгерістер жайлы, сондай-ақ ұлттық құраманың Грекияға қарсы алдағы ойыны туралы белгілі спорт комментаторы Әлімжан Асқармен әңгіме тарқатып көрдік.