Магомед Адиев Грекияға қарсы ойынға кімдерді апаратынын мәлімдеді

Редактор
06.03.2024, 10:27

14 наурызда Қазақстан Түрікменстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар лигасының плей-офф ойындарына баратын құрамды анықтады. Тізімде 26 ойыншы бар.

Қақпашылар: Игорь Шацкий, Бекхан Шайзада, Данил Устименко;

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров, Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов, Нұралы Әліп;

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат, Эльхан Астанов, Асхат Тағыберген, Әділет Садыбеков, Ислам Чесноков, Бақтиер Зайнутдинов, Александр Зуев;

Шабуылшылар: Рамазан Каримов, Абат Аймбетов.

Еске салайық, 21 наурызда Ұлттар лигасының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Афиныда Грекиямен кездеседі. Сондай-ақ, жартылай финалдың екінші жұбы – Грузия мен Люксембург өзара мықтыны анықтайды. Екі жұптың жеңімпаздары финалда кездесіп, жеңімпаз команда Еуропа чемпионатына берілетін жалғыз жолдамаға иелік етеді.