Еркебұлан Сейдахмет әйеліне су жаңа Mercedes-Benz автокөлігін сыйлады

Редактор
09.03.2024, 12:16

Екеуінің үйленгеніне небәрі бір жыл болды

instagram.com/izbasarova.kz/

«Қайрат» футбол клубының ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет 8 наурыз мерекесі қарсаңында әйелі Нұрсұлу Ізбасароваға су жаңа Mercedes-Benz автокөлігін сыйлады.

Қуаныш иесі болса бұл сыйлықтың фотосын әлеуметтік желіге жүктеп, қуанышымен бөліскен және күйеуіне алғыс айтқан.

Еске салайық, Еркебұлан мен Нұрсұлу былтыр үйленген болатын. Футболшы сүйіктісіне Алматының Орталық стадионында сөз айтқан.