АПЛ: «Ньюкасл» «Челсиге» қонаққа ұшып барады

Редактор
11.03.2024, 19:00

Англия Премьер-лигасының чемпионаты аясында 11 наурыз күні «Челси» «Ньюкаслды» қабылдайды, ал Италияның А сериясында «Лацио» мен «Удинезе» кездеседі.

Фото olimpbet

АПЛ. 28-тур. «Челси» – «Ньюкасл». 12 наурыз, 01:00 (Астана уақыты бойынша)

Англия Премьер-Лигасының өткен демалыстағы басты оқиғасы «Ливерпуль» мен «Манчестер Сити» командалары арасындағы тартысты ойын болғаны анық. Бірақ бұлардың есепте тең түскен ойынынан кейін лондондық «Арсенал» чемпионаттың көшбасшылығына көтерілді.

АПЛ-дің 28-турының нүктесі келесі бір астаналық команданың былтырғы маусымның басты қаһарманымен болатын текетіресінен соң қойылмақ. Яғни «Челси» «Ньюкаслды» қабылдайды.

Қазір бұл командалар кестеде бірінен соң бірі қатар орналасқан. Дегенмен, қос клуб та кестенің өз жанкүйерлері көргісі келетін жерінен алыс: «Ақ-қаралар» турнир баспалдағының оныншы сатысында тұрса, «көгілдірлер» төрт ұпайға кем айырмашылықпен 11-орынға жайғасқан.

Айта кетерлігі, «Челсидің» алда әлі тағы бір ойыны бар. Сондықтан өз алаңында жеңіске жеткен жағдайда Маурисио Почеттино шәкірттері бұған дейінгі жоғалтқан ұпай саны бойынша Эдди Хоу шәкірттерін басып озатынын есептеу қиын емес.

Бірақ дәл «Ньюкаслмен» болған соңғы бес ойында қатарынан жеңістің тәтті дәмін сезіне алмай келе жатқан лондондықтар бұл матчта да қаншалықты жеңіске жете қояр екен? Мәселен, биылғы маусымдағы бірінші тур ойыны 4:1 есебімен «ақсүйектердің» жеңілуімен аяқталған жоқ па еді?

Olimpbet коэффициенті бойынша, «көгілдірлерде» өздерінің бұл сәтсіз сериясын бұзуға тамаша мүмкіндіктер бар: W1 – 1,94, X – 4,04, W2 – 3,55. Букмекерлік кеңсе сонымен қатар қожайындарды бұрыштарда фаворит санайды: W1 – 1,6, X – 9,5, W2 – 2,9.

Барлық қызықты спорттық іс-шараларға арналған желілерді Olimpbet.kz-тен – «Қазақстандағы жыл таңдауы» сыйлығының қорытындысы бойынша №1 ставкалар қосымшасынан іздеңіз. Оны смартфонға орнатыңыз да өз фавориттеріңізге тағы да жақындай түсіңіз.

А сериясы. 28-тур. «Лацио» – «Удинезе». 12 наурыз, 00:45

Римдіктерді соңғы кезде қара басып, дағдарысқа тап болды. А сериясындағы қатарынан екі рет жеңілісі мен Чемпиондар лигасынан «ұшып» кетуі – соның айқын дәлелі. Оның үстіне, бұл матчтарда «Лацио» жеңіліп қана қойған жоқ, астаналық клуб ойыншылары өз қақпаларына алты доп дарытып алып, қарсыластар қақпасына бір рет те гол соға алмады.

Дегенмен, бұл жалғанда бәрі өздеріңіз білетіндей, салыстырмалы екені анық. Олардың жақында жолығатын қарсыласы «Удинезе» «Лацио» секілді турнирлік кестеде тоғызыншы орында болып, негізгі еурокубоктың ширек финалына шығу үшін күрессе, қуанар еді.

Шын мәнінде, Удине ойыншылары өздеріне әлдеқайда тиімді мәселені шешіп жатыр. Оларға келесі маусымда италиялық футболдың жоғарғы дивизионында қалуын сақтап қалса болғаны. Және де «зебралардың» жағдайы аса мәз емес. 17-орынға жайғасқан олар осы лигадан «ұшқалы» тұрған «Фрозинонемен» ұпай саны тең. Ал «Сассуоло» бұл дуэттен бір ұпай ғана қалып тұр.

Екінші жағынан, Римде жеңіске жетсе, Габриэле Чиффидің шәкірттері бірден төрт сатыға көтеріліп, 13-ші орынға көтеріледі. Бірақ Удинеден келген қонақтар «қырандарды» алаңда жеңуге қауқарлы ма екен?

Айтпақшы, бір жыл бұрын «Стадио Олимпико» стадионында өткен текетірес голсыз тең аяқталғанын айта кетейік. Бірақ бұл жолы «Olimpbet» коэффициенттері «Лационың» жақсы нәтижеге жету мүмкіндігінің теңдессіз жоғары екенін айтып отыр: Р1 – 1,89, Х – 3,45, Р2 – 4,44.

Кездесу қорытындысына келетін болсақ, елдегі ең танымал букмекерлік кеңсе матчтың «жоғарғы» деңгейде болатынына күмән келтіреді: Тот (2,5) М – 1,66, В – 2,17.

Жаңа келгендерге – қайтарамыз! Еліміздегі ең жомарт букмекерлік кеңсе жаңа клиенттер үшін акция ұсынады: егер сіздің бірінші ставкаңыз сәтті болмаса, Olimpbet оның құнын (100 мың теңгеге дейін) өтейді. Қатысу ережелері «100% CASHBACK» бетінде. Жауапты ойын туралы есте сақтаңыз.

Материалда: