Грекия құрамасы Қазақстанды жеңгенін дастархан басында атап өтті (ФОТО)

Редактор
23.03.2024, 10:14

Финалда олар Грузия футболшыларымен ойнайды

instagram.com/ethnikiomada/

Футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасын ойсырата жеңген Грекия футболшылары аталған жеңісті дастархан басында атап өтті. Көңілді отырыстың фотосуреттерін ұлттық құраманың баспасөз қызметі жариялады.

Еске салайық, 21 наурызда Афины қаласында өткен матчта гректер Қазақстанды 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Бірінші таймда алаң иелері жауапсыз 4 гол соқса, екінші таймда Александр Марочкин автогол авторы атанды.

Бұл жеңіс Пойет шәкірттерін Ұлттар лигасының финалына алып шықты. Ақтық сында гректер Грузия құрамасымен ойнап, Еуропа чемпионатына берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады.