Жауапты тұлғаларды прокуратура жазалады
Көкшетау қалалық прокуратурасы «Оқжетпес» футбол клубының жұмысшыларының құқығын қорғады деп хабарлады ведомствоның бапсасөз қызметі.
Белгілі болғандай, аталған клуб барлығы 160 жұмысшысына 425 миллион теңге қарыз болып қалған екен.
«Ақмола облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасы «Оқжетпес» футбол клубы 160 жұмысшысына 425 миллион теңге көлемінде жалақы төлемеген. Прокуратура тексерісінен кейін жұмысшылар алдындағы берешек толық қайтарылды. Ал, жауапты тұлғалар заң аясында жазаға тартылды», - делінген аталған хабарламада.
Айта кетейік, былтыр Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсеткен «Оқжетпес» турнир кестесінің 12-сатысына жайғасып, Бірінші лигаға төмендеген еді.