«Ереже өзгереді»: енді Түркия клубтары Қазақстан футболшыларын алмауы мүмкін

Редактор
04.04.2024, 09:41

Қазақстан легионерлер санына шектеуді алып тастап жатқанда, Түркия керісінше істеді

Қазақстан футбол федерациясы

Түркия суперлигасында 2024/25 жылғы маусымда легионерлерге қатысты лимитке өзгеріс енгізіледі. Бұл әлбетте қазақстандық футболшылара да әсер етеді.

Былтыр Түркия футбол федерациясы 2023/24 жылғы маусымнан бастап түркі тілдес елдердің футболшылары легионер болып саналмайтынын хабарлаған. Сондықтан Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан футболшылары Түркияда емін-еркін доп тебе бастады. Қазіргі кезде Түркия клубтарына 14 шетелдік футболшы алуға болады. Бірақ ол тізімде жоғарыда аталған түркі тілдес елдердің ойыншылары кірмейді.

Бүгінгі таңда Түркияда Қазақстан ұлттық құрамасының екі футболшысы ойнап жүр. Атап айтсақ, Абат Айымбетов – «Адана Демирспорда», Бахтиер Зайнутдинов – «Бешикташта» өнер көрсетеді.

Енді жаңа маусымда өзгеріс енгізіледі. Яғни легионерлердің саны 14-тен 12-ге қысқарады. Бұл 2024/25 жылғы маусымнан бастап 2026/27 жылғы маусымға дейін жалғасады.

Ал 2027/28 жылғы маусымнан бастап, 11 шетелдік аспауы керек. 

Ең қызығы, командалар 11 легионерді алғашқы минуттан шығара алады. Бірақ жалпы тізімдегі ойыншылар саны 30-дан 26-ға қысқармақ. 

Сонымен қатар, түркі тілдес елдердің ойыншыларына келсек, олар да енді легионерлер тізіміне қосылады. Ешқандай жеңілдік жасалмайды. 

Дегенмен, Зайнутдинов пен Айымбетов келісімшартқа бұрынғы ереже кезінде қол қойғандықтан әзірге бұрынғы талаппен ойнай береді. Егер келісімшарт қайта созылатын болса, онда екеуі де легионер болады. 

Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов пен «Бешикташ» келісімшартты 2027 жылғы дейін жасаған. Абат Айымбетовтің «Адана Демирспордағы» келісімі 2025 жылы аяқталады.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i