Осыған байланысты ойын уақытынан бұрын тоқтатылды
Футболдан Ресейдің әуесқойлар лигасында оспадар оқиға орын алды. Матч кезінде футболшы алаңдағы төрешіні бір ұрып құлатты.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, «Тлюстенхабль» ойыншысы Антон Гапон реферидің шешімімен келіспей, жақтан тартып жіберген. Төреші жерге құлап, көп ұзамай есін жиды. Ойын сонымен аяқталды. «Тлюстенхабль» командасына техникалық жеңіліс жарияланды.