ФИФА рейтингінде Қазақстан Қырғызстаннан қалып қойды

Редактор
04.04.2024, 14:55

Көш басында Аргентина келеді

Қазақстан футбол федерациясы

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты. Соңғы төрт ойынның үшеуінде жеңілген Қазақстан құрамасы тізімде бірнеше сатыға төмендеген.

Көш басында Аргентина құрамасы келеді. Екінші орынға әлемнің экс-чемпионы Франция жайғасса, үздік үштікті Бельгия қорытындылады. Олар Англияны төртінші сатыға ығыстырған.

Ал, бұған дейін 100-орында болған Қазақстан құрамасы 103-сатыға төмендеді. Біздің ол орынға Қырғызстан жайғасыпты.

Жыл басынан бері Магомед Адиев шәкірттері үш матч өткізді. Алдымен Түрікменстанды жолдастық кездесуде 2:0 есебімен жеңсе, артынша Грекиядан – 0:5, Люксембургтен 1:2 есебімен жеңілді.

Жаңартылған ФИФА рейтингісі (4 сәуір 2024 жыл):

1 (1). Аргентина — 1858.00;
2 (2). Франция — 1840.59;
3 (4). Бельгия— 1795.23;
4 (3). Англия — 1794.90;
5 (5). Бразилия — 1788.65;
6 (7). Португалия — 1748.11;
7 (6). Нидерланды — 1742.29;
8 (8). Испания — 1727.50;
9 (9). Италия — 1724.60;
10 (10). Хорватия — 1721.07;
22 (24). Украина — 1568.86;
35 (38). Ресей — 1504.02;
64 (66). Өзбекистан — 1386.58;
75 (77). Грузия — 1333.76;
95 (94). Армения — 1229.18;
96 (95). Беларусь — 1226.54;
99 (99). Тәжікстан — 1216.76;
100 (104). Қырғызстан — 1213.60;
103 (100). Қазақстан — 1203.64;
112 (113). Әзірбайжан — 1177.83;
123 (123). Эстония — 1141.13;
136 (136). Латвия — 1095.91;
137 (138). Литва — 1095.23;
143 (141). Түрікменстан — 1072.52;
153 (155). Молдова — 1028.85.