«Қайсар» қарызының бәрінен құтылды – дереккөз

18.04.2024, 10:56

Клубтың бапкері де ауыспайтын болды

instagram/fckaysar_official

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы бүкіл қарызынан құтылды деп жазады «Серый CARDINAL» Telegram-каналы.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қызылордалық клуб жалақы бойынша берешегінің бәрін қайтарған. Бұл мәселе қазіргі жағдайға байланысты», - делінген аталған ақпаратта.

Ал, команданың бас бапкері Виктор Кумыковқа қатысты бұған дейін айтылған сыбыстың ешқайсысы расталмады. Маман Қызылордада жұмысын жалғастыра береді. Басшылықтың оған артқан сенімі мол делінген дереккөз таратқан ақпаратта.

«Қасқырлар» осы жаңалықтан кейін турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға барын салады.

Материалда: