ЦСКА сапынан екі ойыншы алаңнан қуылған
Грозныйдың «Ахмат» футбол клубы Ресей Премьер-лигасының 25-туры аясында мәскеулік ЦСКА-ға қонаққа барып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның бірінші таймында қос команда өткір шабуылдар ұйымдастырғанымен, жанкүйерлер соғылған гол көрмеді. Тек 63 минутта ЦСКА шабуылшысы Федор Чалов 11-метрлік айып добын қатесіз орындап, есеп ашты. «Ахмат» 79-минутта есепті теңестірсе, 87-минутта жеңісті жұлып алды. Гол авторлары – Мохамед Конате және Бернард Бериша
Айта кету керек, ЦСКА сапынан екі ойыншы алаңнан қуылды. Арбитр 19-минутта Виллиан Рошаға «қызыл қағаз» көрсетсе, 90-минутта Игорь Дивеев дәл осындай жазаға лайық болды.
Осы жеңістен кейін «Ахмат» турнир кестесінің бесінші сатысына көтерілді. Ал, ЦСКА екінші орнын сақтап тұр.
Айта кетейік, «Ахмат» клубын Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жаттықтырады. Ол командаға келгелі үш ойын өткізіп, екеуінде жеңілген.