Килиан Мбаппе «Реалға» ауысса 128 млн еуродан айрылады

Редактор
25.04.2024, 11:23

«Реалда» оған небәрі 50 млн еуро бонус береді

Getty Images

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе мадридтік «Реал» сапына ауысса өте қомақты бонустан айрылады деп хабарлады инсайдер Рамон Альварес.

Француз ойыншысы маусым аяқтала ПСЖ-дан кететіні белгілі. Ал, оның бұл әрекеті жүздеген миллион еуродан бас тартқанмен бірдей.

«Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартты созған жағдайда 89,6 млн еуро бонусқа ие болатын еді. Сонымен қатар, 38,2 млн еуроны жыл соңына дейін жалақы ретінде алуы тиіс болған. Ол яғни 128 млн еуродан бас тартқалы отыр», - деп жазды Альварес.

Мбаппенің париждік клубтағы келісімшарты биыл маусым айында күшін жояды. Ол «Реалға» ауысқан жағдайда мадридтік командадан 50 млн еуро бонус алады.

Өткен аптада Еуропа Чемпиондар лигасының ширек финалында «Барселонаны» жеңгеннен кейін де Мбаппе ПСЖ сапында қалмайтынын мәлімдеген еді. Инсайдерлердің пікірінше, ол «Реалмен» 5 жылға келісімшартқа отырып қойған.