«Ордабасы» ойыншылары үш айдан бері жалақы ала алмай отыр

Редактор
05.11.2023, 16:16

Кеше шымкенттік команда Қазақстан кубогі финалында «Тобылға» жеңіліп қалды

ФК Ордабасы

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары мен бапкерлер құрамы соңғы үш айдан бері жалақы алмаған деп жазады Vesti.kz.

Биыл күзде ойыншылар байкот жариялап, жаттығуға келмей қойған болатын. Ол кезде мәселеге қала әкімінің өзі араласып, команда мүшелерімен кездесті. Осы кездесуден кейін спортшылар алдындағы қарыздың жартысы жабылып, жартысы кейінірек төленеді деген уәде айтылған еді. Алайда, сол уәде орындалмай, футболшылар тағы наразылық білдірді.

Айта кетейік, «Ордабасы» клубы биыл Қазақстан тарихында алғаш рет ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, Қазақстан кубогінің финалына дейін жетіп, соңғы ойында Қостанайдың «Тобылынан» жеңілді.

Материалда: