Допингпен ұсталған Айбол Әбікен «Ордабасы» ойыншысы атанды

Редактор
30.04.2024, 12:17

Оның дисквалификация мерзімі аяқталды

Қазақстан футбол федерациясы

Допингпен ұсталып, футболдан шет қалған Қазақстан ұлттық құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Шымкенттің «Ордабасы» клубының ойыншысы атанды.

Айбол Әбікен допингпен 2022 жылы ұсталған. Ол Павлодардың «Ақсу» клубында жүргенде ағзасынан тыйым салынған мельдоний (милдронат) препараты табылған еді. Бірақ, футболшы сол кезде өзі «арым таза» деп мәлімдеген болатын. 

Алғашында ол төрт жылға футболдан шеттетілген. Кейін жазасы екі жылға қысқартылды. Сөйтіп, 28 сәуірде жаза мерзімі аяқталды.

Енді ол ел чемпионы Шымкенттің «Ордабасы» клубының сапында өнер көрсетеді.

Айбол – алматылық «Қайраттың» түлегі.