Абат Айымбетовтің Түркиядағы жылдық табысы 620 мың еуроны құрайды – БАҚ

Редактор
03.05.2024, 21:06

Айымбетов «Адана Демирспор» қатарында 7 кездесу өткізіп, әзірше көзге түскен жоқ

"Адана Демирспор" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовтің «Адана Демирспордағы» жылдық жалақысы 620 мың еуроны құрайды деп жазады «Аладоп» порталы Сapology.com сайтына сілтеме жасап.

«Абат Айымбетовтің «Адана Демирспор» командасындағы жылдық табысы – 620 мың еуроны құрайды. Қазақстандық футболшы бір жарым маусымда шамамен 1,5 миллион еуро табыс табады», - делінген аталған хабарламада.

«Адана Демирспордағы» ең жоғары жалақыны Марио Балотелли алады екен. Италия құрамасының экс-футболшысы Түрік Суперлигасындағы өнері үшін жылына 3 миллион 330 мың еуро табыс табады. Ал түркиялық клуб Криштиану Роналдумен бірге «Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының намысын қорғаған Наниге жылына 830 мың еуро төлейтін көрінеді.

Айта кетейік, Абат Айымбетов «Адана Демирспор» қатарында 7 кездесу өткізіп, әзірше көзге түскен жоқ. Қазақстандық футболшының клубы турнирлік кестеде 11-сатыға жайғасқан. Түрік Суперлигасының аяқталуына дейін әлі төрт тур қалған.