Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» жанкүйкерлері үшін тағы қатаң жазаланады

Редактор
09.05.2024, 16:16

Қазақстан кубогінің ширек финалында фанаттар судьяны балағаттаған

Ордабасы ФК

Ел кубогінің ширек финалында «Ақтөбені» қабылдаған «Ордабасы» 1:2 есебімен жеңіліп, жарыстан шығып қалған болатын. Осы матчта шымкенттік жанкүйерлер стадионда шу шығарып, төрешіні балағаттады. Сондай-ақ, қала әкімдігіне назын айтып, клубтың бұрынғы президенті Бауыржан Абдубаитовты кері қайтаруын талап еткен.

Фанаттардың бұл ерсі қылығы үшін енді «Ордабасы» клубы жазаланады деп жазады «Серый CARDINAL» Telegram-каналы.

«Қосымша уақыттың соңында төрешінің даулы шешімінен кейін шымкенттік жанкүйерлер «судья три-два-раз» деп айқайлаған. Сондай-ақ, алаңға пластик бөтелкелер және өзге де заттар лақтырған.

Инспектор мен матч делегаты мұндай сәтті құр жіберген жоқ. Сондықтан, клуб ірі көлемде айыппұл арқалайды немесе өзге де санкциялар салынуы 100%. ҚФФ комиссиясының шешімін күтеміз», - деп жазды дереккөз.

Айта кетейік, фанаттар ойын кезінде қала әкімдігіне назын айтып, түрлі ұрандар тастаған. Сондай-ақ, «Ордабасының» фан-клубы шенеуніктерге байкот жариялап, ойынды ортасынан тастап кетіп қалды.

Жарнама
Жарнама