Шетелдік бапкер қазақтарды боқтайды екен. "Астана" резервінде дау шықты

Редактор
11.05.2024, 03:29

Қазақстан кубогының ширек финалы тартысты өтті. "Тобыл" өз алаңында "Астана" командасын 3-1 есебімен жеңді.

1bol.kz

"Атырау" алматылық "Қайратты" жарыстан шығарып жіберді. Шымкентте "Ордабасы" мен "Ақтөбе" 120 минут ойнап, "қызылдар" жартылай финалға жолдама алды. "Елімай" стадионға жиналған 8 мың жанкүйердің алдында ұятқа қалмай, матч соңында "Қызылжарды" 1-0 есебімен жеңді.

БІРІНШІ БОЛ тұрақты спикері Елдос Ахметов Қазақстан кубогы - Еурокубокқа апаратын төте жол деп есептейді. Өйткені, ҚПЛ-де үздік үштікке кіргеннен гөрі Қазақстан кубогын жеңіп алу оңайға түседі.

"Қайрат" футбол клубының басшысы Қайрат Боранбаев неге төрешілердің жұмысына көп шағым айтады. Ермұхамед Мәулен кәсіпкердің шағымымен келіспейтінін айтты. Футбол сарапшысының айтуынша, "Қайрат" клубының проблемасы төрешіде емес, команданың өз ішінде. Алматылық команда мықты бапкер сайлап алмайынша нәтиже көрсете алмайтынын жеткізді.

Неге "Астана" дейтін бай клубымыз ала-құла ойнап жүр. Ел мақтаған испан футболшысы Карлитос неге "Астана" командасынан келмей жатып жеріді? Ауа райы жақпады ма, әлде Қазақстан чемпионатын менсінбеді ме? Ермұхамед Мәулен испан футболшысының командаға сіңісе алмай, ұжымнан қолдау таппаған соң кері қайтқанын айтып берді. Ал Елдос Ахметов Қазақстан чемпионатында кез келген футболшы ойнап кете алмайтынын, тіпті Кабананганың адаптациясына да бірнеше ай кеткенін айтты. 

Қазақстан құрамасы ЕУРО додасына жолдама алғанда, команда ойыншылары шетінен миллионер болуға шақ қалған. Өйткені, кей кәсіпкерлер мен компаниялар жарты миллиард теңгеге дейін сыйақы беруге дайын болған.

"Ордабасы" клубында не болып жатыр? Шымкенттік футболшылардың жалақысы қысқаратыны рас па? Былтыр тарихында тұңғыш рет ел чемпионы атанған "Ордабасы" бас бапкері Александр Седнев қазір бұрынғы беделінен айырылып, ойыншыларға сөзі өтпей жүр екен. Тіпті шымкенттік клубтың бас бапкері Әли Әлиев болуы әбден мүмкін. Мұндай тосын жаңалықтар мен инсайд ақпараттардың бәрі БІРІНШІ БОЛ подкастында айтылды. Қалған қызықты білгіңіз келсе, подкасты соңына дейін көріп шығыңыз.