Алғашқы ондықта Англияның алты командасы бар
Sportico бизнес-порталы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингін жариялады.
Көштің басына «Манчестер Юнайтед» клубы жайғасқан. Оның құны 6,2 миллиард долларға бағаланып отыр.
Екінші орында Мадридтің «Реал» клубы тұр – 6 миллиард доллар.
Алғашқы үштікті Каталонияның «Барселона» клубы түйіндеді. Футбол клубы 5,2 миллиард долларға бағаланды.
Төрттікке 5,1 миллиард доллармен ағылшынның «Ливерпуль» клубы енсе, Мюнхеннің «Бавариясы» бестіктен көрінді – 4,8 миллиард.
Ең қымбат клубтардың ондығына енгендер:
Sportico рейтингі банкирлермен, инвесторлармен, кеңесшілер және клуб басшыларымен сөйлесу және есептерді тексеру арқылы жасалады.