Астанов 2022 жылы Тимур Сегізбаев атындағы марапатты алған
«Ордабасы» мен «Ақсу» клубтарының бұрынғы ойыншысы бразилиялық Луи Гедеш Эльхан Астановты Қазақстандағы ең үздік футболшылардың бірі екенін айтып, оның Еуропада ойнауға қабілетті екеніне сенім білдірді.
«Қазіргі уақытта Эльхан – Қазақстанның ең үздік футболшысы. Оның Еуропа чемпионаттарында доп тебуге мүмкіндігі бар. Менің ойымша, ол Польшада немесе Түркияда өнер көрсетуге әбден лайық», - деп баға берді ол meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында.
Айта кетелік, бұған дейін ұлттық құрама сапындағы жартылай қорғаушы 2022 жылы аты аңызға айналған Тимур Сегізбаев атындағы марапатты алған болатын. Бұл сыйлық жыл сайын еліміздің ең үздік футболшысына беріледі.