Мбаппе 520 мың еуроға Пеленің портретін сатып алды

Редактор
18.05.2024, 13:13

Француз футболшысы келесі маусымда «Реал» сапында өнер көрсетеді деп күтілуде

Коммерсант

ПСЖ футболшылары қайырымдылық аукционына қатысып, клуб көшбасшысы Килиан Мбаппе футбол королі Пеленің портретін 520 000 еуроға сатып алды.

Мбаппе сатып алған «О Рей» (португал тілінен аударғанда «Король» дегенді білдіреді) деп аталатын картина көркем туынды саналады. Ал оның авторы – 35 жастағы көше суретшісі Александр Хопаре. Бұл туындысын ол 2023 жылы салған.

Бастапқыда картинаның саудаға қойылған бағасы 5000 еуро болды. Туындыға иелік етуге бірден алты адам таласты. Ал ең соңында 300 мың еуро деген бағада ПСЖ-ның екі футболшысы қалды: Мбаппе және марокколық Ашраф Хакими. Нәтижесінде шабуылшы 520 мың еуромен қорғаушының алдын орап кетті.

Айта кетейік, алдағы күндері Килиан Мбаппенің «Реал» клубына ауысатыны ресми түрде хабарланады.

Материалда: