Сэм Джонсон: «Қазақстанда футбол ешкімге керек емес»

Редактор
18.05.2024, 22:51

ҚПЛ-де тек үш-ақ клубтың жанкүйерлері бар дейді ол

meta-ratings.kz

Павлодарлық «Ақсу» командасының экс-ойыншысы Сэм Джонсон еліміздің ҚПЛ ойындарына мін тақты. Бұл туралы ол Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

«Қазақстандықтар футболды ұнатпайды. Егер олар бұл спортты жақсы көрсе, кемшіліктерді түзетуге тырысатын еді. Мұнда аяқдоп футбол керек емес. Сонда олар футболды кім үшін ойнайды? Маған сенбесеңіздер ҚПЛ ойындарына келушілердің санына қараңыздар. Бар болғаны үш команданың жанкүйері бар: «Астана», «Қайрат» және «Ақтөбе» ФК. Қалғандары ойнағанда стадионның жартысы да толмайды»,- дейді форвард.

Сондай-ақ, ол фанаттардың тек ұлттық құрама матчтарына ғана баратынын, әрі төрешілердің әділетсіздігін тілге тиек етті.

Енді Сэм Джонсон аталған мәселелер шешілген жағдайда Қазақстанға қайта оралуы мүмкін екенін айтты.